Биылғы жылы қала сыртындағы демалыс 14 балалар сауықтыру орталықтарының базасында жүзеге асырылуда, жалпы жобалық қуаты бір маусымда 2690 орынды құрайды. Оның ішінде мемлекеттік лагерьлер Атбасар, Ақкөл, Зеренді, Бурабай, Ерейментау аудандарында және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында өз жұмыстарын жүргізуде. Жеке лагерьлер Бурабай және Зеренді аудандарында орналасқан.
Мемлекеттік лагерьлерге жолдаманың орташа құны 35-105 мың теңге, жеке лагерьлерде -90-110 мың теңгені құрайды.
«Жаздың соңына дейін облыс пен республиканың қала сыртындағы лагерьлерінде 14700 мыңға жуық Ақмола оқушысын қамту жоспарлануда. Осы балалар санынан 1500 оқушы тегін демалуға тиіс. «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін жолдама сатып алуға 85,5 млн. теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама көп», – дейді Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Ш.Оразалин.
Бүгінгі таңда 1500 оқушының ішінен Бурабай және Сандықтау ауданынан 70 бала ғана қалды, олар жаздың соңына дейін жалпыға бірдей оқу қоры бойынша демалады.
5 маусымнан бастап әлеуметтік осал топтардың 150 баласы «Звездный» БСО базасында сауықтырылды. Қысқы және көктемгі демалыс кезінде аталған орталықтың базасында биыл полиция органдарында есепте тұрған 30 оқушы демалды, ал тамыз айында тағы 65 баланы қамту жоспарлануда.
Биыл алғаш рет бүкіл республика бойынша Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп «Қазақстан халқы» қорының қаражатынан 5-8 сынып оқушыларына тегін демалыс ұйымдастыру бойынша «Жаздық жолдама» жобасы іске асырып жатыр.
Осы жоба аясында Ақмола облысының 640 оқушысы жаз бойы «Сұңқар» лагерінде демалады. Қазіргі уақытта 215 бала 1 және 2 маусымда демалды, тамыз айында қалған 425 оқушының демалысы жоспарлануда. Олар оқу үздіктері және шығармашылық және зияткерлік байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары.
Осылайша, жаздың соңына дейін әлеуметтік осал топтардан 2385 оқушы қала сыртындағы демалыспен қамтылатын болады.