spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
5.1 C
Kokshetau

Тоқаев: Ассамблея – бейбітшілік пен келісім идеясының өкілетті ұйымы

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында толеранттылықты насихаттап жүрген креативті индустрия өкілдерінің еңбегін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың бойында Ассамблея өкілдері елдегі резонанстық жағдайларға балйанысты прагматикалық және ұйыстырушы ұстанымды алға тарта отырып, бірнеше рет мәлімдеме жасады. Сіздер қоғамдық бірлестіктің бір бөлігі ғана емес, бейбітшілік пен келісім идеясының нағыз өкілетті өкілдерісіз. Этносаралық және конфессияаралық қатынастар сияқты сезімтал тақырыпты талқылау кезінде әрқашан парасаттылық пен көрегендіктің үлгісін көрсетіп жүрсіздер», – деген Мемлекет басшысы осы тәсілге сүйене отырып, қоғамда дау туғызуға тырысатын кез-келген әрекетке қарсы тұруға болатынын меңзеді.

«Әр азамат ел ішінде де, шетелде де халқымыздың бірлігі мен ынтымақтастық құндылықтарын батыл қорғауға тиіс.

Әлеуметтік желідегі челлендждер бұған жақсы мысал. Біздің этносы әр түрлі азаматтарымыз халықтың бірлігін паш етіп, елде кемсітушіліктің жоқ екенін жар салып жүр. Креативті индустрия өкілдері мен жай ғана шығармашылық адамдар Қазақстандағы достық пен өзара түсіністіктің ерекше атмосферасына, азаматтарымыздың мейірімділігі мен толеранттылығына арналған контент жасап жүргені қуантады. Мұндай әндер, өлеңдер, бейнероликтер әрдайым көрермендердің ынта-жігерін оятады», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы өтіп жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов ақмолалықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, су тасқыны кезінде белсенділік танытқан азаматтарды марапаттады

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеп, су тасқыны кезінде белсенділік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img