spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Жастарды әскери қызметке даярлау- маңызды мәселе

Сондай-ақ...оқыңыз

Қостанай ұландары ашық есік күнін ұйымдастырды, деп хабарлайды қазақстан республикасының ұлттық ұланы орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Еліміздің бүгіні мен ертеңін айқындайтын бағыттардың бірі, ол-жеткіншек ұрпақ тәрбиесі. Әскери патриоттық тәрбие мен жастарды әскери қызметке даярлау-бүгінгі көкейкесті мәселе. Осы орайда, 24 сәуір күні Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінде әскердің беделін арттыру, әскери қызметті насихаттау мақсатында «Ашық есік» күні өтті. Шараға қаланың орта білім беру мектептерінің оқушылары қатысып, әскери өмірдің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

«Бүгін әскери бөлімде айтулы іс-шаралардың бірі өтуде, себебі біз болашақ Отан қорғаушыларға әскери өмірді колледжді аяқтап, болашақта елін қорғайтын азаматтарға түсінік беру мақсатын көздеп отырмыз. Еліміздің қорғанында тұру әрбіреуіміздің қасиетті борышымыз ұранында, қонақтарға әскер қару мен техникалар көрсетіліп, жатын-жайларда кішігірім сабақтар ұйымдастырып жатырмыз, атап өтетін жәйт әрбір оқу орындарында маман сарбаздар сабақ өткізіп жатыр, дейді тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі бөлімшесінің бастығы майор Данияр Нұрғожаев.

Әскери өмірдің бір күндік тынысын, жаттығу кезіндегі сарбаздардың бойындағы ширақтықты, ер жүректілікті көрген болашақ ел қорғаушыларға қонақатр қызыға қарап, әскери қызметшілердің күнделікті өмірін көзбен көру қатты әсер қалдырғанымен бөлісті. Шара соңында оқушыларға Ұлттық ұлан қызметі жайлы деректі фильмі көрсетілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img