spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
12.2 C
Kokshetau

Еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы 2023 жылға арналған «Еңбек жолы» байқауына өтініштерді қабылдау басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Еңбек Күнін мерекелеуге арналған еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» байқауына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды. Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру бойынша идеясын іске асыру мақсатында жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі атап өтіледі.
Еңбек күнін мерекелеу аясында Еңбек министрлігі жыл сайын еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасында «Еңбек жолы» республикалық байқауын өткізеді. Байқаудың мақсаты қазақстандықтарды ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктері үшін мақтан тұтуға тәрбиелеу болып табылады.
Конкурс 3 номинацияны қамтиды:
– «Үздік еңбек әулеті»,
– «Өндірістің үздік жас маманы»,
– «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері». Үміткерлердің өтініштерін қабылдау 2023 жылдың сәуір айынан 30 маусымына дейін жүргізіледі. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдерінде онлайн дауыс беру өткізілмейді. Конкурстың облыстық кезеңінің женімпаздарын облыстық комиссия, ал конкурстың республикалық кезеңінің женімпаздарын республикалық комиссия анықтайды. Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау Еңбек күніне арналған өңірлік еңбек форумдарында және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумында 2023 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін өтетін болады. Мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, облыстың барлық кәсіпкерлерін Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шараны өткізуге және «Еңбек жолы» конкурстарына белсенді қатысуға шақырамыз.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img