spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.9 C
Kokshetau

«Шексіз жалғасады деген сөз болмады». Ұлттық банк төрағасы “7-20-25” бағдарламасы айналасындағы дауға пікір білдірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов “7-20-25” бағдарламасы аясында соңғы уақытта туындаған мәселелерге түсініктеме берді. Ол бұл бағдарламадан неғұрлым тезіре құтылсақ, соғұрлым қазақстандықтар үшін жақсы болар еді дегенге тоқталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас қаржы институтының төрағасы Ғалымжан Пірматов бағдарлама бастапқы жүйе бойынша жалғасатынын айтты. Әр тоқсанға 25 миллиард теңге аралығында қарастыру қағидасымен. Дей тұрғанымен ол бұл бағдарламадан тезірек құтылған жөн болар еді деп отыр.

“Бағдарлама негізі 2018-ші жылы басталды. Оған 1 триллион теңге қарастырылған. Бірақ шексіз жалғаса береді деген сөз болған жоқ қой. Ұлттық банк кризис кезеңінде бұл бағдарламаға атсалысты. Десе де бізде артық қаражат жоқ, бұл уақытша болды. Оның үстіне қазіргі инфлияцияның қарқыны қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік берер емес. Жинақты да, күнделікті табысты да жеп барады. Ал мұндай кезеңде көп нәрсеге қол жеткізу қиын екенін ашық айтқан жөн. Егер біз бағдарламадан тезірек шықсақ, құтылсақ, соғұрлым жақсы болар еді деп айтқым келеді. Өйткені қазір макроэкономика қателігін қарапайым қазақстандықтар төлеп жүр”, – дейді ол.

Яғни, банк басшысы бұл бағдарлама тоқтаса мүмкін нарықтағы бағада тұрақталуы, тіпті арзандауы мүмкін еді дегенге келтірді. Сонымен қатар, ол бағдарлама шексіз емес екенін халық түсінгені дұрыс деп отыр. Айтуынша бастапқыда жоспарланып бөлінген қаражат осы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталуы тиіс.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында қорытынды кездесу өтті

​Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен әскери қызмет өткерген жастар мен әскери міндеттілерді жұмысқа орналастыруға бағытталған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img