spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 29, 2024
11.1 C
Kokshetau

Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды шолу жүргізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында су тасқыны жағдайы тұрақты режимде. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевпен бірге Зеренді, Сандықтау, Атбасар аудандарының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне аэровизуалды тексеру жүргізді.

Елді мекендердің жанындағы гидротехникалық құрылыстар, жер біліктері мен бөгеттер зерттелді, Жабай, Шағалалы, Айдабол бөгеті, Шағалалы су қоймасы өзендерінің арналары қаралды. Қар жамылғысының жиналатын орындары, еріген сулардың жиналатын орындары, еріген сулардың Жабай өзенінің бойында орналасқан елді мекендер арқылы өтетін жерлері белгіленді. Атбасар қаласында жер білігі, автожол төсемінің толып кету орындары тексерілді.

Аталған өңірлердің су тасқыны қауіпті учаскелерін аэровизуалды шолу ағымдағы су тасқыны жағдайының жалпы көрінісін бағалау, қар жамылғысының болуы мен түсуін мониторингілеу, сондай-ақ еріген сулардың қозғалу және жиналу учаскелері мен орындарын және олардан елді мекендерге төнетін ықтимал қатерді айқындау мақсатында жүргізілді.

«Зеренді және Сандықтау аудандарында үлкен көлемде қар қоры бар екені анықталды, Атбасар қаласы бойынша Жабай өзені толық режимде жұмыс істейді. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бүгінгі таңда бізде Атбасар, Сандықтау аудандарында және облыстық штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Жалпы Целиноград, Аршалы және Ерейментау аудандарында су тасқыны жағдайы тұрақты, қауіп жоқ, аталған өңірлерде аудандық штабтар жұмысын тоқтатты Қазіргі таңда облысымыздың орталық аудандарына назар аударылуда» – деді Нұрлан Атығаев.

«Су тасқынына жол бермеу және еріген сулардың ағуын уақтылы бақылау және ден қою – бүгінгі күннің басты мәселесі. Қарқынын бәсеңдетпеуіңізді сұраймын. Үлкен жұмыс атқарылды, бірақ жағдай тәулік бойы бақылауда болуы тиіс», – деп қорытындылады облыс әкімі.

Аэровизуалды шолу нәтижелері бойынша елді мекендерді және көлік инфрақұрылымын су басуға жол бермеу жөнінде тиісті шешімдер қабылданатын болады.

Облыс өзендерінде мұз кептелістерін жою бойынша жұмыстар жүргізілді. Ерейментау ауданының Қарасу өзендерінің, Шортанды және Астрахан аудандарының Колутон өзендерінің, Атбасар ауданының Жыланды, Жабай зендерінде, Сандықтау ауданының Жыланды өзені, мен Целиноград ауданының Нұра өзендерінде барлығы 25 учаскеде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Мұндай жұмыстар әлі де жалғасуда. Бұдан басқа, ықтимал тәуекелдерді мониторингілеу және су тасқыны қаупі бар өзендер мен гидротехникалық құрылыстарда жедел шаралар қабылдау үшін тәулік бойғы 92 бақылау бекеті қойылды.

Жалпы, тасқын суларды қауіпсіз өткізу мәселесі Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен өңір ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың ерекше бақылауында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық әнші республикалық байқауда жүлделі орынға ие болды

27 мамыр күні Көкшетау вокзалының перронында «Көкше» Мәдениет үйінің ұжымы Қызылорда қаласында өткен «Сыр Арна» республикалық вокалдық байқауында сәтті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img