spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
16 C
Kokshetau

Пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ету басымдыққа ие

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Президенті Ісі Басқармасының Медициналық орталығы күндері аясында Ақмола облысына «санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы»  Республикалық мемлекеттік кәсіпорын  халықты иммундау және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңірдегі медициналық ұйымдардың басшылары үшін мастер-класс өткізді.

Қазақстан Республикасының Деңсаулық министрлігінің қоғамдық деңсаулық сақтау ұлттық орталығы «санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» инфекциялық және паразиттік аурулар басқармасының басшысы Манар Смағұл ақмолалық әріптестеріне иммундау және медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекция  таралуы саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдары туралы толық ақпарат берді.

Білікті маманның айтуынша, иммундық емес қабаттың жиналуына байланысты әлемде және Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы вакцинацияның маңыздылығын көрсетеді. Бұл жағдайда иммундау инфекциялармен күресудің ең тиімді шарасы болып қала бермек.

«Қызылшаның даму қаупі жоғары және COVID-19 инфекциясының салдарын ескере отырып, кез келген медициналық ұйым үшін пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды. Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау, соның ішінде микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселелері бойынша кадрларды даярлау бағдарламасы пациенттер мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің инфекцияларының алдын алуға ықпал етеді», – деп атап өтті Манар Смағұлова.

Дәрігерлердің айтуынша, денсаулық сақтау ұйымдарындағы инфекциялардың алдын алудың тиімді бағдарламасы мен стратегиясы медициналық ұйымның инфекциялық әл – ауқатының кепілі. Сондықтан иммундауды жүзеге асыру бағдарламасының жоспарын әзірлеу және инфекцияның алдын алу сапалы деңгейде болуы керек.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img