spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
16.2 C
Kokshetau

90-нан астам ақмолалық жас өнерпаз облыстық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы байқауына қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

2023 жылдың 28 наурыз күні Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен  жастарды анықтау және қолдау жөніндегі» орталығы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен «Жұлдызай» облыстық балалар шығармашылығы байқауын өткізді,- деп хабарлайды AqmolaNews облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты:ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету.
Байқау келесі 4 номинация бойынша өткізілді – вокал, хореография, аспаптық орындау, ым тілінде ән айту.

Байқауға Атбасар, Ақкөл, Жақсы, Ерейментау, Бурабай, Сандықтау, Шортанды, Астрахан аудандарынан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 93 бала қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
«Вокал» Номинациясы. Кіші жас тобы (10 жастан 12 жасқа дейін)
І орын – Наполова Ксения, Астрахан ауданы;
ІІ орын – Сабыр Мадияр, Көкшетау қаласы, С.Жүнісов ат. № 18 мектеп-лицей ;
ІІІ орын – Жетпіспай Әлмерек, Степногорск қ. №3 арнайы мектеп-интернаты;
ІІІ орын – Бақыт Жансая, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы «Арман» БЖШО.

Үлкен жас тобы (13 жастан 15 жасқа дейін)
І орын – Әділбек Нұрғиса, Жақсы ауданы, Лозовое ауылы;
ІІ орын – Рахимова Аружан, Степногорск қаласы, №3 арнайы мектеп-интернаты;
ІІІ орын – Паньшин Даниил, Атбасар қаласы «№8 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті»;
ІІІ орын – Максимова Эвелина, Ерейментау ауданы.

«Хореография» номинациясы кіші жас тобы (10 жастан 12 жасқа дейін)
І орын – «Шұғыла» би ұжымы, Көкшетау қаласы №4 «Арнайы мектеп-интернат»;
Үлкен жас тобы (13 жастан 15 жасқа дейін)
І орын – Ділдебай Күмісай, Көкшетау қаласы, №1 мектеп-гимназиясы;
ІІ орын – би ұжымы, Степногорск қаласы, №3 мектеп-интернаты.

«Аспаптық орындау» номинациясы кіші жас тобы (10 жастан 12 жасқа дейін)
ІІ орын – Касенова Замира, Степногорск қаласы, А. С. Пушкина ат. №3 көпсалалы мектеп-лицейі;
ІІІ орын -«Домисолька» шу оркестрі, Көкшетау қаласы, №1 арнайы мектеп-интернаты;
Үлкен жас тобы (13 жастан 15 жасқа дейін)
І орын – «Арт-ложки», Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені;
ІІ орын – «Жас ұрпақтар» домбыра ансамблі, Көкшетау қаласы, №1 арнайы мектеп-интернаты;
ІІІ орын – Соңғыбай Ақмарал, Шортанды ауданы, Новоселовка ауылы.

«Әнді ыммен орындау» номинациясы үлкен жас тобы (13 жастан 15 жасқа дейін)
І орын – Моисеева Зинаида, Сыздықова Әлия, Чурсина Арина, Көкшетау қаласы, №4 «Арнайы мектеп-интернаты».

Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, ал жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Байқаудың барлық қатысушыларына қатысқаны туралы сертификаттар беріледі
Құттықтаймыз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img