spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
26.2 C
Kokshetau

Өңірімізде мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту қалай жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

2022 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделділігін арттыру, атқарушы билік қызметін шамадан тыс заңнамалық реттеуді болдырмау, құжат айналымы мен есептілікті қысқарту, мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыру мақсатында мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.

Тәжірибе көрсеткендей, жыл сайын әрбір жаңа талаптарға байланысты мемлекеттік органдарда функциялар саны артуда. Осыған орай, мемлекеттік аппараттың жұмысында сөзбұйдалық пен төрешілдік көріністеріне жол бермеу үшін мемлекеттік органдардың уәкілеттілігіне кешенді талдау жүргізіп, олардың тиімділігін арттыру қажеттілігі бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылады.

Өздеріңізге белгілі болғандай, Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері осы бағыттағы талдау жұмыстарын бастаған болатын. Оның аясында денсаулық сақтау, білім және еңбек салалары зерделенді. Талдау жұмыстары нәтижесінде Департаментпен Агенттікке 60-тан астам ұсыным жолданды.

Талдау және мониторинг жұмыстарына республика бойынша 2000 астам адам қатысқан екен, бұл іс-шараның қаншалықты маңызды және ұсынымдарды әзірлеу барысыныда азаматтық қоғамның, мемлекеттік органдардың пікірлері ескерілгендігін көрсетеді.

Ұсыныстар жұмыстың тиімділігіне, жедел шешімдер қабылдауға және сонымен бірге шешім қабылдайтын лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Ағымдағы жылы бюрократиядан арылту жұмыстары сауда және қаржы салалары бойынша жоспарланған. Қазіргі уақытта осы салалардағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар арнайы әдістемге сәйкес өзіндік ішкі талдау жүргізуде.

Сонымен қатар, белгіленген салалар бойынша талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен арнайы фокус-топтар мен жұмыс топтары құрылды.

Сондай-ақ наурыз айында Агенттік деңгейінде өңірлік жұмыс топтары мүшелерімен арнайы кеңес өткізіліп, атқалыралатын жұмыс бойынша алгоритм, талдау әдістемесі мен жоспарлар талқыланды.

Талдау жоспарланған салалардың ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс топтарына сарапшылар, қоғам өкілдері, жеке кәсіпкерлік субъектілері де тартылуда.

Жұмыс құрылымы күрделі әрі ауқымды болып көрінгенімен, мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралардың Президент Жарлығымен белгіленген мәннің нысаннан басымдығы, бастапқы бойынша цифрландыру, басқарушылық жауапкершілік, үздіксіз жетілдіру, регламенттеудің оңтайлылығы түріндегі бес қағидасы бар.

Сонымен қатар, менің ойымша, Жарлықта көрсетілген бюрократиядан арылтудың бес қағидасы мемлекеттік органдар мен ұйымдарды бюрократиядан арылту ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік аппараттың одан әрі даму бағытын да анықтайды.

Біз өз жұмысымызда дамудың іргетасын қалауға, өзекті мәселелерді шешуге, серпінді идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түпкілікті нәтижеге бағыттанамыз. Себебі дәл қазір жергілікті деңгейде бастама, жауапкершілік және кәсібилік ерекше сұранысқа ие.

Думан Әбілев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ БАТЫРЫСЫЗДАР!»

  Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов шыңдар мен жазықтарды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img