spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
11.7 C
Kokshetau

Норвегия мен Польша байқаушылары еліміздегі дауыс беру процесіне баға берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Халықаралық байқаушылар Қазақстандағы дауыс беру процесінде кемшіліктер байқамағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстік Шығыс Норвегия университетінің лекторы, халықаралық байқаушы Глен Агунг Холенің айтуынша, депутаттарды сайлау заң талаптарына сай жүріп жатыр.

«Астанадағы бірнеше сайлау учаскесінде дауыс беру қалай жүріп жатқанын байқап келдім. Осы орайда сайлау процесі дұрыс жүріп жатыр деп айта аламын. Бұл учаскелерде басқа да халықаралық байқаушылар болды», – деді Г. Холе елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.

Өз кезегінде Бойма атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институтының ғылыми кеңесшісі (Польша) Ежи Олендзкий әділ сайлау процесі кез келген мемлекет үшін маңызды екенін айта келе, Қазақстандағы дауыс беру процесін халықаралық байқаушылар егжей-тегжейлі қарап отырғанын жеткізді.

«Астанадағы үш сайлау учаскесінде болдым. Олардағы дауыс беру бекітілген стандартқа сәйкес жүруде. Сондықтан біз ешқандай кемшілікті байқамадық», – деді Е. Олендзкий.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img