spot_img
Дүйсенбі, Қазан 14, 2024
1.2 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы «Атамекен» өнер ордасына барды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына сапары барысында аймақтағы ең үлкен «Атамекен» мәдениет сарайына барды, деп хабарлайды «Aqmolanews» Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Өнер ордасы 920 адамға арналған. Президент мұнда өңірдің тарихи-шығармашылық мұраларына арналған көрмені тамашалады.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы мәдениет сарайының мәжіліс залында аймаққа еңбегі сіңген азаматтармен кездесті. Олардың арасында өңірдің дамуына үлес қосып жүрген сала мамандары мен оқыс оқиғалар кезінде белсенділік танытып, азаматтық үлгі көрсеткен кісілер де бар.

Президент өңір белсенділерімен пікір алмасты. Ол бүгін аймақтың тыныс-тіршілігімен танысып жүргенін айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Батыс Қазақстанды еліміздің дамуы үшін маңызды аймақ деп атап өтті.

«Облыстың әлеуеті зор. Елімізде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Осындай кезеңде біз үшін ең құнды нәрсе – бейбітшілік. Осы жолда бәріміз бір ел болып еңбек етсек, ешқандай кедергі болмайды. Бірлігіміз бекем болса, тосқауылдың бәрін еңсереміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кездесуге қатысқан ғалымдарға, жастарға, еңбек адамдарына қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар Президенттік жастар кадрлық резерві әлеуметтік лифт ретінде жұмыс істей бастағанын атап өтті.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда 1 млн. астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img