spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Олжабай Төлебайұлы туралы білесіз бе?

Сондай-ақ...оқыңыз

Батыр Олжабай Төлебайұлы 1709-1785 жылдар аралығында өмір сүрген. Абылай ханның ту ұстаушысы болып жоңғарлармен қытайға қарсы соғыста көзге түскен. Абылай жоңғарлардың қолына тұтқынға түскенде, оны құтқаруда елеулі еңбек етті. Ол Түркістан медресесінде оқып. арабша, қалмақша жетік білген. Академик Ә.Марғұланның естеліктерінде Олжабайдың немере інісі Едіге бимен бірге 1762 жылы Екатерина II хат жазғаны атап көрсетілген. Хатта патшайымнан Ертістің шығыс жағындағы қалың орманнан жайылымдық жер сұрағаны айтылады. Олжабайдың өз қолымен жазып қалдырған қара кітабы болған. Онда соғыстар жайлы әңгімеленіп, Қазыбек би, Абылай, Бөгенбай есімдері жиі аталады.

Олжабай батырдың өмір сүрген кезеңі қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталған қиын уақыт еді. Сол жаугершілік заманда ол бала кезінен қолына қару алып, ел қорғауға атсалысады. Ол жоңғарлардың қолына түсіп қалған Абылайды құтқаруға көмегін тигізеді. Олжабай Абылайдың ту ұстаушы батырларының бірі ретінде 1735 жылы Түркістан мен Ташкентті жоңғарлардан азат ету жорығына, 1736 жылы Баянауылды Қалдан Сереннен босатқан шайқастарға, 1756 жылы қазақ жеріне басып кірген қытай әскерін талқандауға қатысқан. Оның ерлігінің ерекше көрінетін жері – Баянауыл баурайындағы қалмақтармен болған шайқасы. Осында Олжабай жиені Жасыбаймен бірге қалмақтардың жолын тосып жатады. Жасыбай жасағымен Шойынкөлге өтетін асудың аузында, Олжабай Торайғыр көліне өтетін асудың аузында жатып, жау қолын күтеді. Бұлардың жол тосып жатқанын қалмақтар да біліп, қапысын тауып, Жасыбай қолына тосыннан келіп тиіседі. Жасыбай осы шайқаста қаза табады. Жау келгенінен хабарланған Олжабай дереу көмекке ұмтылады. Ол қалмақтарды қоршап алып, таудың, бір қуысына тығып қойып, қойдай қырады. Сонда Олжабайдың сұсын көрген жолдасы Төртуыл Баймұрат батыр: «Енді сен дем ал, мұнда саған қарсы келер ешкім қалған жоқ. Қалған-құтқаны болса, маған сауғаға бермейсің бе?» – деп, атының сулығынан ұстағанда, Ол­жабай: «Жасыбайдың бір бармағының да құны толған жоқ», – деген екен күрсініп. Кейін халық қапыда кеткен есіл ердің құрметіне Жасыбайдын жау күткен асуын Жасыбай асуы, Шойынкөлді Жасыбай көлі атап кетіпті.

Абылай хан оған «Ер Олжабай», «Қу Жарғақ» деген есімдер беріпті. Қу Жарғақ атануы жауларының атқан оғы оған дарымауынан екен. Ұрыстарда көрсеткен ерліктеріне разы болған Орта жүздің ханы Әбілмәмбет оған алтын сапты қылышты сыйға тартады. Олжабай батыр Абы­лай ханның мемлекетті орталықтандыру саясатын қолдап, соған көп үлесін қосады. Түркістан медресесінде оқып, арабша хат таныған Олжа­бай Толыбайұлы қалмақ тілін де жақсы меңгерген екен. Абылай ханды тұтқыннан босатуға барып, келіссөз жүргізуге қатысуына да осы тіл білетіні септігін тигізіпті.

 

Фото: ашық дереккөзден

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img