spot_img
Жұма, Шілде 17, 2026
26.4 C
Kokshetau

Алға қойылған мақсаттар орындалып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақпанның 23 мен 24-і аралығында «Орталық» өңірлік қолбасшылығында 4 өңір қолбасшыларының және тікелей бағынысты әскери бөлім командирлерінің тыл жөніндегі орынбасарларының оқу-әдістемелік жиыны өтті.

Жиынды ҰҰ Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары генерал-майор Жандос Омарқұлов басқарды. Құраманың тыл маманы өз сөзінде әр өңірге 2021 мен 2022 жылға шолу жасап, әр әскери бөлімнің мүмкіндігі мен ркшеліктеріне тоқталды.

– Бұл шара әскеріміздегі тыл қызметінің жағдайына шолу жасап, мамандар арасында пікір алмасып, бәрімізге ортақ еліміздің әскерін өз қызметіміз жайлы жақсарту мақсатында жыл сайын өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда тыл қызметі жылдан жылға ілгері басуда, мүмкіндіктер шектеулі кезден, мүмкіндікті жүзеге асыру ғасырына өтудеміз, әрине өзара іс-қимыл органдарымен жұмысқа жұмылып, ілгері ұмтылу өзіміздің қолымызда,- дейді тыл қызметінің Бас басқармасының бастығы, полковник Самат Арғынбаев.

Екі күндік әдістемелік жиын теориялық сабақпен 6505 әскери бөлімінің аумағында басталды. Әскердің әл-аухатын жақсарту, қызметтің жайлы өтілуіне мүмкіндіктері жасау сұрақтары, оған Бас әскери полиция қызметі, жергілікті төтенше жағдай департаменті, әкімшілік тарапынан қонақтар шақырылып қызметке қатысты сұрақтар қозғалды.


24 ақпан күні сардарлар өңірдің әскери бөлімдері жедел мақсаттағы 5451 әскери бөлімі мен айдауылдау қызметі 6505 әскери құрамасының тыныс-тіршілігімен танысты. Аралау барысында әскерилермен практикалық сабақтар өткізіліп, сарбаздар жататын жатын-жай, монша, қару-жарақ, жаңар-жағармай, киім-кешек сияқты қоймалардың сақталуы, іштегі ұйымдастырылатын жұмысы жайлы сөз қозғалды.
Арнайы әдістемелік жиынның қорытындысы Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Карлаг» мұражайын аралаумен жалғасты.
Жалпы іс-шара барысында әрбір маманға алдағы уақытқа тапсырмалар қойылып, ұжымдық суретке түсумен аяқталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыс 24 пайызға азайды: алаяқтық төмендеп, цифрлық қауіпсіздік күшейіп келеді

Ақмола облысында биылғы алты айда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді. Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, өңірде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика