spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
-0.3 C
Kokshetau

Ақмолалықтар мерейтойлық оқиғалар қалай атап өтеді?

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы мәдениет басқармасы аудандық мәдениет бөлімі басшыларының қатысуымен өткен «2023 жылдың мерейтойлық даталары мен оқиғалар қатары, негізгі міндеттері» тақырыбындағы семинар өтті.

Бурабай кентінің «Оқжетпес» мәдениет үйінде Ақмола облысы мәдениет басқармасының аудандық мәдениет бөлімі басшыларының қатысуымен «2023 жылдың мерейтойлық даталары мен оқиғалар қатары, негізгі міндеттері» тақырыбында семинар өтті.

2023 жылға міндеттерді анықтау, аудандық мәдениет бөлімдеріне әдістемелік көмек көрсету, әрекет етуші заңдылықтарға енгізілген толықтырулар бойынша мағлұмат беру мақсатында ұйымдастырылған семинар өте жоғары деңгейде өтті.
Семинар барысында Ақмола облысы мәдениет басқармасы шығармашылық тапсырыс бөлімінің басшысы Гүлмира Макова «Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру», бас маманы Ануар Айтымов «Ақмола облысы мәдениет инфрақұрылымының дамуы» тақырыптарында толыққанды ақпарат берді.
Қаржы және әкімшілік жұмысы бөлімінің басшысы Светлана Головашова «О бюджетном кодексе РК», бас маманы Вера Аубакирова «О кадровой работе» тақырыптарында ой қозғады.
«2023 жылдың мерейтойлық даталары мен оқиғалар қатарына дайындық» тақырыбына мәдениет ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дина Бейсембаева тоқталса, бас маманы Жанна Шарипова «Тарих-мәдени ескерткіштерді қорғау мен сақтаудың маңыздылығы» жайлы ақпарат ұсынды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспектор-психологы, азаматтық қорғау майоры Ольга Андриенко «Эмоциональный интеллект» тақырыбында қызықты семинар-тренинг өткізді. Өмірдегі қызықты мысалдармен келтірілген тренинг қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылықты тудырды.
Сөз соңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова семинар қатысушыларына алғысын айтып, 2023 жылға жемісті де жеңісті жұмыс тіледі.
Еркін форматта өткен семинар қорытындысы бойынша қатысушылар көптеген ақпарат алып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img