spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Есіл қаласында Елбасы медалімен оқушылар марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін №3 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Елбасы медальдарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Мәжитұлы Саматов қатысып, аудан әкімі Еркебұлан Еркешұлы Баяхметовтың атынан оқушыларды құттықтады.
«Сіздердің марапаттарыңыз бір күндік жұмыс нәтижесі емес. Сіздер бұл марапатқа жетер ұзақ жолдан өтіп, білім алу жолында белгілі бір дағдыларға ие болдыңыздар. Бұл медальдар жаңа жеңістерге жігерлендірсін», – деді Нұрлан Мәжитұлы.
Білім бөлімінің әдіскері
Алена Шарабака жеңіс үшін балалар 6 ай бойы жұмыс істегендерін айтты.
«Әлкей Алуа мен Бүтінбай Аружан «Елбасы медалі» зияткерлік жобасына қатысып, қола медальдарға ие болды. Бұл жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, еріктілік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Өткен жылы оқушыларымыз да медаль алды», – деп бөлісті №3 ЖББМ директоры Фарида Оразбекқызы Молдатина.
Жеңімпаздар қола деңгейден өтті. Күміс медаль алу үшін бір жыл, ал алтын медаль иегеру атану үшін – бір жарым жыл қатысу керек. Біздің балалардың қола медальмен тоқтағылары келмейді.
Алуа мен Аружанды, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз. Оқуда табыс және шығармашылық жетістіктер тілейміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img