spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған мас тұрғын ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды «Aqmolanews» ақпараттық агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

15 қаңтар сағат 02:00 шамасында жол қозғалысын қадағалау барысында “Бақай 18П1” автопатрулінің экипажы құрамындағы Арман Блялов пен Нұржан Жамалиев Заводское кентінде 45 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Toyota Corolla көлігін тоқтатты. Ер адам апаттық тоқтату туралы сигналды өшірмей жүріп келе жатқан. Жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ақмолалық “орта дәрежелі” мас күйінде болған.

Деректер базасын тексеру кезінде бұл азаматтың өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Осы фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img