spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
12.2 C
Kokshetau

Соңғы екі аптада 120-ға жуық ақмолалық  COVID-19 жұқтырған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалықтар өткен жылдарға қарағанда тұмаумен және ЖРВИ-мен жиі ауыратыны байқалған. Сырқаттанушылық көрсеткіші  2,8 есе өсті. Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері барлығы 106 мыңнан астам жағдай тіркелді. Сонымен қатар, жаңа жылдың екі аптасында аймақтың 120-ға жуық тұрғыны COVID-19 жұқтырған.

Облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның айтуынша, ауырған балалардың үлес  56,78% -ды құраған. Жалпы  60 мыңнан астам жағдай тіркелген. Жүкті әйелдер арасында ЖРВИ-нің 2294 жағдайы тіркелді.

«Биылғы эпидемиялық маусым басталғаннан бері ауруханаға пневмониямен ауыратын 505 адам жатқызылды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 395 (78%), 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 106 (20%) жағдай тіркелген. Өткен эпидемиялық маусыммен салыстырғанда ауруханаға жатқызудың 18% – ға өскені байқалады. Жүкті әйелдер арасында 3 адам пневмониямен ауруханаға жатқызылды. Жеке білім беру ұйымдарында ЖРВИ белгілері бар балалар мен қызметкерлерді анықтау үшін таңертеңгі тексеру жұмыстары ұйымдастырылған. Онда тұмау жұқтырған балаларды оқшаулау, сыныптарды желдету режимін күшейту, білім беру объектілерінде температуралық режимнің күнделікті мониторингін жүргізу жөніндегі іс-шаралар көзделген. Сондай-ақ,  ЖРВИ алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде», – деп атап өтті  Айнагүл Мусина.

Коронавирустық инфекция аймақта белсенді таралуда. 2023 жылдың басынан бері 121 COVID-19 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап тәж ауруының ауруының өсуі байқалды.  283 жағдай тіркелді, бұл 2022 жылғы қарашадағы көрсеткіштен  3 есе көп.

AqmolaNews өз ақпараты

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img