spot_img
Сәрсенбі, Қазан 16, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Дәрігер: еңбек демалысында болсам да пациенттерім туралы ойлаймын

Сондай-ақ...оқыңыз

Адамдардың 10%-ы ғана туғаннан бастап күшті иммунитетке ие. Қалғандарына денсаулығын үнемі нығайтып, емдеп отыру қажет. Демек, 7,5 млрд адамның 90%-ы үнемі дәрігерлер көмегіне жүгінеді. Ақ халатты жандардың Гиппократқа ант бергенін, адам жаны үшін жанкештілікке баратынын білеміз. Ал олардың ішкі күйіне, дәрігерлік жолына назар аударып көрдік пе?

Қазақстанда дәрігер 3054 мобильді бригада, резервте 1622 бригада жұмыс істейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Пандемия туындатқан дағдарыс бізді көп нәрсеге үйретті. Мәселен, дәрігердің еңбегін бағалай білетін болдық. Бір кезде медицина қызметкерлерінің мемлекет назарынан тыс қалғаны рас еді» деген сөзінің үлкен мәні бар. Пандемияға дейін қасық қан, шығар-шықпас жан үшін күресіп, өрт ортасына түсетін дәрігерлерге ерекше көңіл бөлінбеген еді. Қазір үкімет бұл саланы дамыту үшін барын салып жатыр. Ал халықтан дәрігерлерге керегі – ілтипат пен сенім.

Осы орайда Қосшы қаласында екі жылдан бері дәрігер қызметін атқарып жүрген Малика Абдумаликқызын сұхбатқа тартқан едік. Ақ халатты жаннан қиындығы мен қызығы қатар жүретін дәрігерлік жолдың қандай екенін сұрап, бір күндік жұмысымен танысып қайттық.

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Ол – 2007 жылы 9-сыныпты бітіргеннен кейін медициналық колледжге түсіп, емдеу факультетінде оқыған. Бұл оның адам жанының арашасы боламын деген алғашқы қадамы. Қазіргі уақытта медицинаның қыр-сырын жетік білу үшін Астана медицина университетінде резидентурада оқып жүр. Оқуы мен жұмысын қатар алып жүрген Малика бұл жолға түсуіне не себеп болғанын «Маған ақ халат киген адамдар бала кезден қатты ұнайтын. Олар маған құдды бір сиқыршыдай көрінді. Қуыршақтар мен басқа да жұмсақ ойыншықтарға мен ақ халат кигізіп, оларға инъекция жасап ойнайтын едім. Менің барлық балалық ойындарым тек емдеумен байланысты болды. Мен дәрігер болуға деген ұмтылыстың қашан және қандай себеппен пайда болғанын айта алмаймын. Бірақ осы кәсіпке келуімнің бірден-бір себебі – анам» деп түсіндірді.

Дәрігерлер әрдайым сұранысқа ие. Маман қалада да, ауылда да қажет. Мысалы, 2017 жылы қалада бір дәрігерге шамамен 115 бос жұмыс орны болды. Дәрігерлер бізге «көптік» етпейді. Жас маман дәрігерлікке бала қиялынан келіп, ыстық-суығына ыждахаттылықпен төзген. Ол үшін дәрігер болу –кәсібилік, көп нәрсені білуге ұмтылу, тез шешім қабылдау, біліктілікті арттыруға ұмтылу, пациенттің физикалық-моральдық, психикалық жағдайын жақсарту, пациенттердің денсаулығына жауапкершілікпен қарау, стандартты емес жағдайларда стресске төзімділік.

Маликаның жұмыс күні таңғы 9:00-да басталып, кешкі 20:00-де аяқталады. Ол – учаскелік дәрігер. Пациенттермен, әсіресе, кішкентай балалардың аналарымен тәулігіне 24 сағат байланыста.

«Менің жеке өміріме менің мамандығым әсер етеді. Білесіз бе? Демалыс күндері отбасы, балаларымның жанында болған кезде, тіпті, еңбек демалысында болсам да пациенттерім туралы ойлаймын. Өйткені, олардың өміріне, әл-ауқатына, психологиялық және физиологиялық денсаулығына мен жауаптымын ғой», – деп ағынан жарылды.

Карантин кезінде де Малика 2 жасар және 3 айлық екі баласын қалдырып, жұмысқа шығуға тура келген. Оны жұмысқа шығарған – мейірім десек, артық болмас.

Малика Абдумаликқызы дәрігерлік жолдың қиын тұстарын да айтып өтті. Оның сөзінше, мемлекеттік медицина саласында жалақы деңгейі әрдайым жоғары бола бермейді. Дәрігер пациенттермен үнемі байланыста болатындықтан, вирустық, жұқпалы және басқа ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Тұрақты емес кесте де ауыртпашылық тудырады. Пациенттер түн ортасынан кейін де дәрігерді алаңдатуы мүмкін.

«Болашақ дәрігерлерге бір ғана кеңес бергім келеді. Ең бастысы, сіз бұл мамандықты жақсы көруіңіз және көмектесуге, емдеуге, жанашырлыққа әрдайым ұмтылуыңыз керек», – деп қорытындылады сөзін өз ісіне адал ақ халатты абзал жан.

Камила Әбделманова

Фото: http://profsouzsenim.kz/

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Кәсіпті қалай ұйымдастыру қажеттігін ауыл адамдарына ауылды жерлерге барып түсіндіру қажет

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі. Кеше (14 қазан 2024 жыл) Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВТЫҢ Целиноград ауданы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img