spot_img
Дүйсенбі, Маусым 17, 2024
28.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының прокуратурасы 2022 жылғы жұмыстың қорытындысын шығарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс прокуратурасының алқасында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Болат Дембаевтың қатысуымен облыс прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен 2022 жылғы жұмыс қорытындылары қаралды, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

Облыстағы криминогендік жағдай қылмыстың 21%-ға (6 602-ден 5 208-ге дейін), оның ішінде ұрлық – 21%-ға (2 514-тен 1 997-ге дейін), бұзақылық  – 27%-ға (82-ден 60-қа дейін), алаяқтық – 6%-ға (1103-тен – 1 032 дейін) оның ішінде интернет желісінде 8%-ға жалпы төмендеуімен сипатталатыны атап өтілді.

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар 36% – ға (48-ден 31-ге дейін), қаржы пирамидалары – 57% – ға (7-ден 3-ке дейін), есірткі қылмыстары – 8%-ға (268-ден 247-ге дейін) төмендетілді.

Үйлестіру шараларымен жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың 4%-ға, отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы – 14% – ға, меншікке қарсы – 8%- ға төмендеуіне қол жеткізілді.

Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына баса назар аударылды.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында 165 тексеру, 569 талдау жүргізілді, 1 200-ден астам бұзушылық анықталды, 329 мың азаматтың құқықтары қорғалды. Мемлекет кірісіне 1,9 миллиард теңге өтелді және 1,9 миллиард теңгеге мүлік қайтарылды.

Бұдан басқа, денсаулық сақтау, жер қатынастары, спорт, автожол саласы және бюджет қаражатын жұмсау саласында нәтижелі тексерулер жүргізілді.

Прокурорлар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағдарланған, бизнесті қорғау саласында 8 000 астам кәсіпкердің құқықтары қорғалған, 27 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Облыс прокурорының орынбасары Жандос Бердіқұлов жұмыстағы үздік көрсеткіштері үшін «прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісіне ие болды.

Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша Бурабай ауданының прокуратурасы үздік прокуратура деп, ал Біржан сал ауданының прокуроры Самат Нұрманбеков үздік тергеу прокуроры деп танылды.

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев қадағалау органдарына деген сенімнің ең объективті көрсеткіші азаматтардың өтініштері мен шағымдары болып табылатынын атап өтті. Облыс прокуратурасының органдары 10 мыңға жуық өтінішті қарады.

Жұмыс қорытындысы бойынша 2023 жылға арналған міндеттер мен басымдықтар айқындалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақ халатты абзал жандар мерейі

Ең қастерлі мамандық иесі – медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған салтанатты жиында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтау сөз сөйлеп,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img