spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
9.2 C
Kokshetau

Облыста келер жылы 20 жаңа мектеп салынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Келер жылы Республика бойынша «Жайлы мектеп» жобасы қолға алынады. Жоба аясында облыс бойынша 20 жаңа мектептің құрылысы басталмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникацияла қызметінің ақпарат алаңында Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова мәлімдеді

Жалпы, Ақмола облысының білім беру жүйесінде 1330  ұйымы жұмыс істейді, онда 36 мыңнан астам адам қызмет атқарады, оның ішінде 22 мыңнан астамы – педагог. Облыстың білім саласындағы бюджеті биыл 164,4 млрд. теңгені құрады.

Өз сөзін спикер мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы оң өзгерістер туралы баяндаудан бастады. Бүгінгі күні облыс төңірегінде 602 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 258 балабақша, 344 шағын орталық жұмыс істейді.

Биыл облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында 1240 жаңа орын құру жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 1115 орындық 14 мектепке дейінгі ұйым ашылып, 348 орынға 16 балабақша кеңейтілді, 8 балабақша бөбекжайға ауыстырылды. Барлығы 1463 жаңа орын құрылды.

«1706 орындық 7 балабақшаның құрылысы жалғасып жатыр. Олар: Целиноград ауданының Қоянды және Қараөткел ауылдарында 280 орындық, Шортанды ауданының Тонкерис ауылында 140 орындық, Қосшы қаласында 280 орындық, Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Нұрлыкөш ауылында 280 орындық, Көкшетау қаласының Көктем шағын ауданында 166 орындық шағын мобильді топтарға арналған балабақша, Сарыарқа шағын ауданында сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған 280 орындық»,-деп қосты Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Батокөз Дүйсенова.

Орта білім ббағытында келер болсақ, облыстың 542 мектебінде 135 мыңнан астам оқушы оқиды. Орта білім беру жүйесінде 1291 оқушыны қамтитын дарынды балаларға арналған 5 мамандандырылған мектеп-интернаты жұмыс істейді.

«Жалпы білім беретін мектептерде 16мыңнан астам  педагог жұмыс істейді. Жоғары білімі бар педагогтар – 13699(85,4%), техникалық және кәсіптік – 2340(14,5%). Педагогтердің 10373 немесе 65%-ы жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өтті және 56 педагог-шебер, 2401 педагог-зерттеуші, 4256 педагог-сарапшы, 3660 педагог-модератор біліктілік санатына ие»,-деп толықтырды Ботакөз Балапайқызы.

Бүгінгі күннің өзекті тақырыбаны айналған үш ауысымды оқыту және білім беру орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін 15 орта білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы  жылдың 1 қыркүйегінде Қосшы қаласында 1200 орындық ІТ мектебі пайдалануға берілді, Көкшетау қаласында 100 орындық жеке мектеп ашылды.

Ұлттық жобаға сәйкес биыл ауыл мектептерін жаңарту жұмыстары жалғастырылды. Биылғы жылы бюджет қаражатынан 94 мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жаңа модификация кабинеттерін сатып алуға, мектеп жиһаздарын жаңартуға, көркем әдебиеттерді сатып алуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 1.8 млрд. теңге бөлінген екен. Жалпы,биыл 11 мектепте күрделі жөндеу жүргізуге 1,6 млрд.теңге бөлінді.

Білім беру жүйесін цифрландыру жұмыстары да қарқынды  жалғасуда. Бүгінгі таңда облыс мектептерінде 45 мыңнан астам компьютерлік техника бар. Сондай-ақ, Республикада «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленіп, бекітілді. Жобаны іске асыру 2023 жылы басталады.

Ақмола облысы бойынша ұлттық жоба аясында Көкшетау, Қосшы, Щучинск қалалары мен Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарында екі ауысымда оқыту кезінде 26,5 мың орындық 20 мектеп салу жоспарланып отыр.Мектептің барлық үй-жайлары мен жиһаздары ыңғайлы, қауіпсіз және тиімді оқыту процесін ұйымдастыру үшін білім алушылар мен педагогтердің оқу-тәрбие қажеттіліктеріне жауап беретін талаптарға сәйкес ұйымдастырылады және жабдықталады деп сендірді облыстық білім басқармасы.

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img