spot_img
Сенбі, Мамыр 17, 2025
13.2 C
Kokshetau

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі Ақмола облысының өңірлік комиссиясы өткен жылдың басында әкім қаулысымен құрылған. Комиссия құрамындағы арнайы топтар кең көлемде істер атқаруда. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын анықтау,ақтау, зерттеу жұмыстарын облыстық комиссия мүшелері, жұмыс топтарының мүшелері жалғастырып жатыр.

Тарих ғылымдарының кандидаты Аманбай Сейтқасымовтың айтуынша, атқаратын жұмыс көлемі өте ауқымды. Биылғы жылдың жоспар барысын орындау барысында ғалымдар Алматы, Астана, Қызылжар қалаларында архив деректерімен айналысып, көп құнды дүниелер жинап, біршама істер атқарды. Сонымен қатар мемлекеттік комиссия арқылы республикалық жинақтың бір кітабын жазып жинаққа жібердік. Көлемі 400 бетке жуық.

«Сандықтау аудандық архивіндегі материалдар өте қызықты әрі өңірге қатысты біраз дүние бар екен, оған жас ғалымдарымыз екінші мәрте кеше жол тартты. Жоспарға сәйкес үш фильмнің сценарийі жазылып жарыққа шығуға дайындап жатырмыз, кеше ғана облыстық музейдің XX ғасыр залында көкшелік алаш зиялылары мен сталиндік зұлмат саясаты туралы сұбхат бердім. Сонымен қатар үш жинақты ғылыми жоба есебінен шығармақшымыз. Қажетті құжаттар дайын деуге болады, ұйымдастыру, техникалық мәселелерін шешіп жатырмыз. Облысқа да есебін жіберіп, республикалық жобалық кеңсемен бірегей сабақтастықтамыз. Бірқатар конференциялар мен семинарларға қатысып, облыс көлемінде үш ғылыми алқа өткіздік. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар мен қызығушылық та­нытқан тұлғаларға порталға кіріп онлайн сауалнама толтыру мүмкіндігі жа­салған.
Көріп отырғанымыздай, атқарылатын жұмыс ауқымы өте үлкен. Бұл алдағы бір­неше жылға созылатын тынымсыз еңбек деуге болады. Саяси қуғын-сүргін құр­бандарын ақтау жөніндегі тынымсыз еңбегіміз -тарих, ұрпақ алдындағы борыш болмақ», – деп бөлісті Аманбай Сейтқасымов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу маусымының қорытындысы шығарылды: өрт саны азайды, алдын алу шаралары күшейтілді

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу беру маусымы өз мәресіне жетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, есепті кезеңде өрт саны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика