spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.8 C
Kokshetau

Ауыл шаруашылығы – Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі болып табылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің «Antikor ortalyǵy» алаңында ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті.
Кеңеске өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, «Ауыл» партиясының, сондай-ақ «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» филиалының өкілдері қатысты.
Сөз сөйлеу барысында Департаменттің превенция басқармасының басшысы Жанат Тұралинов атап өткендей, өкінішке орай, ауыл шаруашылығы саласы дәстүрлі түрде сыбайлас жемқорлық көріністеріне бейім. Бұл туралы қылмыстық істер дәлелдейді. Тек ағымдағы жылы субсидиялау, ветеринария және фитосанитария бойынша қылмыс жасаған бірқатар адамдар, оның ішінде басшы буын да сотталды.

«Өткен жылы біз АӨК-тегі субсидиялау саласының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кешенді талдау жүргіздік, онда негізгі проблемалық мәселелер нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, процестердің нашар цифрландырылуы және автоматтандырылуы болып отыр. Осының барлығын ескере отырып, ауыл шаруашылығы саласы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енгізілген, бұл мәселелер ерекше бақылауда», - деді Жанат Тұралинов.


Кездесу барысында Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар, атап айтқанда, АӨК-тегі субсидиялау саласының тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары бойынша ұсынымдарды орындау туралы баяндады.

Басқарма басшысының орынбасары хабарлағандай, ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау мәселелеріне қатысты бірқатар Ережелерге өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, инвестициялық салымдарды, сыйақы мөлшерлемелерін және қайта өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау жөніндегі 3 мемлекеттік қызметке көрсетілетін қызметті алушыларға үшін күту парақтары енгізілген. Енді фермерлер субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының болуына қарамастан өз өтінімдерін бере алады. Бұл мемлекеттік қолдауды кезектілік тәртібімен алуға және аграршылар арасындағы әлеуметтік шиеленісті ішінара жеңілдетуге көмектесті.

Сондай-ақ, Департамент енгізген ұсынымдар бойынша ауыл шаруашылығы және энергетика министрліктері фермерлерге жеңілдетілген дизель отынын жеткізу процесін реттеу жөніндегі қағидалардың жобасын дайындады. Бұған дейін бұл мәселелерде елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған болатын. Қазіргі уақытта облыс әкімдігімен бірлесіп фермерлерді жеңілдетілген бағадағы дизель отынымен қамтамасыз ету кезінде операторларды анықтау процесін ретке келтірді.

Кеңес соңында АШБ басшылығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сапалы және уақтылы жоюды, сондай-ақ өз бағыныштыларға тиісті бақылауды қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола жеңіл атлеттері «Куала-Лумпурдағы халықаралық жарыстарда жеңіске жетті

Көкшетау қаласының спорттық өміріндегі маңызды оқиға Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен есту қабілеттері бұзылған  спортшылар арасында X Азия — Тынық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img