spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
8.2 C
Kokshetau

Бразилиядағы қазақстандықтар дауыс бере бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Астанада уақытымен сағат 16.00-де Бразилиядағы Қазақстан Елшілігі жанынан ашылған сайлау учаскесі жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты.

«Астана уақытымен 16.00-де Бразилияда дауыс беру басталды. 68 шетелдік сайлау учаскелерінің 64-інде дауыс беру жүріп жатыр. Америка мен Канададағы сайлау учаскелері уақыт айырмашылығына байланысты кешірек ашылады», – деді Анастация Щегорцова.

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 18.05 және 20.05-те беріледі.

Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ҚР ОСК сағат 22.05-те ұсынады.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске дауыс беруге кірісті.

Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 64 учаскеде дауыс беру басталды.

Осылайша, қазіргі уақытта сайлау 10 097 учаскеде өтіп жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img