spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
16.6 C
Kokshetau
Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сайлау учаскелерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібіне байқаушылар жақсы баға беріп отыр. Бұл туралы Ұлыбритания парламенті Қауымдар палатасының жоғары саяси кеңесшісі Реза Табризи айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыған дейін Қазақстанған 2019 жылы өткен сайлауға байқаушы ретінде келген болатынмын. Атап айтқанда, 1992 жылдан беру осы елге жиі сапармен келіп жүрмін. Жалпы бүгінгі сайлау нәтижесі туралы әлі айту ертерек. Таңертеңнен бері үш учаскеге барып үлгердім. Бұл сайлау учаскелерінде дауыс беру жақсы қарқында жүріп жатыр», – деді Р. Табризи елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығындағы брифингіде.

Осы орайда ол сайлау учаскелерінде заң талаптары сақталып отырғанын айтты.

«Сайлау учаскелеріндегі рәсімдердің барлығы ашық өтіп жатқанын байқадық. Дауыс беру үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жағдай жасалған. Осы жұмыстардың барлығын байқаушылар жақсы бағалап отыр. Сайлау учаскелеріне келген тұрғындардың да көңіл-күйі көтеріңкі екенін байқадық. Жалпы, баршасы осы сайлаудың ашық өткенін қалайды және дауыс беру науқаны заң талаптарына сәйкес өтуінің маңыздылығын жақсы түсінеміз. Бұл өз кезегінде Қазақстанның болашағына үлесін қоса алатын жастар үшін жақсы мүмкіндік», – деді Ұлыбритания парламентінің өкілі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика