spot_img
Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
4.2 C
Kokshetau

Шетелде 10 учаскенің жұмысы аяқталды – СІМ

Сондай-ақ...оқыңыз

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко шетелдегі қазақстандықтардың дауыс беруі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының кезекті брифингі барысында сыртқы істер министрінің орынбасары шетелдегі сайлау учаскелерінің жұмысы туралы баяндады.
Шетелдегі азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 53 мемлекетте 68 учаскелік сайлау комиссиясы құрылған болатын, дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны 12841 адамды құрады. 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 10 учаскенің (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Улан-Батор, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта) жұмысы аяқталды. Нәтижесінде 7400-ге жуық Қазақстан азаматы өз дауысын беріп үлгерді. 57 сайлау учаскелері әлі өз жұмысын жалғастыруда, – деді ол.
Сондай- ақ ол 17-21 қараша аралығында Астана және Алматы қалаларында «Халықаралық бақылаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдеріне жәрдемдесу орталықтары» ашылғанын айтты.
Бұл орталықтар барлық қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді және байқаушылар брифингтер мен баспасөз конференциялары форматында өз пікірлерімен бөлісе алатын алаңдар ретінде құрылды. Мәселен, осы күндері орталық алаңдарында халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларының қатысуымен 20-ға жуық брифинг өткізілуі жоспарлануда, – деді ол өз сөзінде.
Сыртқы істер министрінің мәліметінше, дауыс беруге 10 халықаралық ұйым мен 35 шет мемлекеттен 641 аккредиттелген шетелдік байқаушылардың қатысты. Ал сайлауға қатысқан шетелдік журналистер саны – 264 адам.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img