spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
7.1 C
Kokshetau

Сайлау тыныш, тұрақты рәуіште өтіп жатыр – қырғызстандық байқаушы

Сондай-ақ...оқыңыз

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауын ұйымдастыру деңгейі туралы пікір білдірді.

«Біз бірнеше учаскеде болып, Алматы мен Шымкент қалаларында, Түркістан облысында байқаушы болып жатқан Қырғызстан өкілдерімен пікір алмастық. Өздеріңіз білетіндей, бұл өңір дауыс берушілердің сайлауға қатысу көрсеткіші бойынша көш бастап келеді. Біздің байқаушылар азаматтардың көптеп қатысып жатқанын айтуда – адамдар сайлау учаскелеріне жақсы көңіл күймен, тіпті кейбірі отбасымен келіп жатыр», – деді Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова.

Қырғызстан өкілі бұл сайлау құқықтық тұрғыда да, ұйымдастыру тұрғысынан да бүкіл халықаралық міндеттемелер мен стандарттарға сәйкес ұйымдастырылып жатқанын атап өтті.

«Заңнаманың өрескел бұзылғанын көрген жоқпыз. Сайлау учаскелерінде дауыс беру процесіне, комиссиялардың жұмысына килігу байқаған жоқпыз.

Сайлау тыныш, тұрақты рәуіште өтіп жатқанын атап өткіміз келеді, Сайлау жария негізде, ашық өтіп жатыр. Дауыстарды санау шынайы өтеді, халық мемлекет басшысы болуға лайықты адамды сайлайды деп үміттенеміз», – деді Қырғызстан ОСК төрағасы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img