spot_img
Сенбі, Қараша 14, 2026
-0.9 C
Kokshetau

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов сайлауда өз таңдауын жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үкімет басшысы елордадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. ҚР Президентінің сайлауы. Бүгінгі күн еліміздің алдағы 7 жылдағы даму бағытын айқындайды. Сондықтан әр азамат сайлауда дауыс бергені дұрыс. Егер біз еліміз одан әрі өсіп, өркендей берсін десек, онда барлығымыз азаматтық белсенділік танытуымыз керек. Дауыс берушілер Мемлекет басшысы болуға лайықты кандидатты өздері таңдайды», – деді Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берет ұрып.

Оның айтуынша, қазақстандықтар сайлауда өзі сенетін, мықты кандидатты таңдауы тиіс.
«Мен өз таңдауымды жасадым. Барлық азаматтарды өз дауысын беріп, сайлауға белсене қатысуға шақырамын», – дейді ол.
Бұған дейін аталған сайлау учаскеде мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс берген еді.
Айта кетейік, бүгін, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшы қаласында жаңа мектеп бой көтеруде: заманауи білім ордасы 1500 оқушыға шақталған

Қосшы қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылуда. Мұнда бір ауысымда 1500 оқушыны қабылдауға қауқарлы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика