spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
22.2 C
Kokshetau

Палестина елшісі: Қазақстандағы Президент сайлауында бақылаушы боламын

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы Палестинаның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі доктор Монтасер Абузейд мәлімдеді.

Мен 20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауында халықаралық бақылаушы боламын. Президент сайлауын бақылаймыз. Елдеріңізде өтетін саяси оқиғаға осымен төртінші мәрте бақылаушы ретінде қатысқалы отырмын. Әдетте біз бақылаушы болған соң барлық учаскелерді аралаймыз. Бұған дейін мен қатысқан сайлаудың бәрінде дауыс беру ерікті түрде,  халықаралық стандартқа сай өтті, – деп атап өтті Төтенше және өкілетті елші шетелдік дипломатиялық корпусқа арналған бірлескен брифингтен соң берген сұхбатында.

Айтуынша, сайлауды бақылайтын халықаралық бақылаушылардың қарасы көп.

Елшілер тарапынан халықаралық бақылаушы ретінде сайлауға мен ғана қатыспаймын. Саяси оқиғаны бақылайтын елші әріптестерім көп. Одан бөлек, шет мемлекеттерден келетін халықаралық ұйымдардың өкілдері де бар, – деді доктор Монтасер Абузейд.

Еске сала кетейік, бұған дейін Испанияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегро Президенттің жеті жыл мерзімге сайлануына қатысты пікірін айтып, бұл қадам елге оң өзгеріс әкеледі деп ойлайтынын айтқан болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Апа, сен болмасаң…» Санжар Сұлтанғазы

Сұлтанғазы Санжар Кәкімұлы. Жас ақын, 2004 жылы Жетісу облысы Алакөл ауданы Бұлақты ауылында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика