spot_img
Бейсенбі, Шілде 23, 2026
26.2 C
Kokshetau

Президент сайлауы: Қазақстандықтар электронды құжат арқылы дауыс бере алады

Сондай-ақ...оқыңыз

20 қарашада өтетін кезектен тыс ҚР Президенті сайлауында дауыс берушілер жеке куәліктің электронды нұсқасын қолдана алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір қазақстандықтардың арасында цифрлық құжатты қолдану үлкен сұранысқа ие. Ол құжаттың түпнұсқасының аналогы. Сондықтан азаматтар сайлауда EGOV mobile, Kaspi және Halyk банкінің мобильді қосымшалары арқылы цифрлық куәлікті пайдалана алады. Яғни дауыс беруші жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық нұсқасын ұсынуға құқылы. Сайлау комиссиясының мүшелері сайлаушылар тізімдері негізінде электронды куәлікті ұсынған кезде сайлаушыға дауыс беруге арналған бюллетень беруге міндетті», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.

Айта кетсек, бүгін сағат 18:00-де Президент сайлауына халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды.

Сондай-ақ, ОСК бірнеше халықаралық ұйымы атынан тіркелген 2 байқаушыны аккредиттеуді тоқтатты.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Өрт қаупі жоғары кезеңдегі Бурабай: елемеуге болмайтын қауіпсіздік ережелері

Найзағайдың түсуі – орман өрттерінің табиғи себептерінің ең кең таралған түрлерінің бірі. Алайда табиғи қауіп-қатерге адамдардың салғырттығы да жиі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика