spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
13.2 C
Kokshetau

Нұрлан Әбдіровтің Төрағалығымен ҚР ОСК жанындағы Сарапшылық кеңестің бірінші отырысы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

2022 жылғы 11 қарашада Нұрлан Әбдіровтің Төрағалығымен ҚР ОСК жанындағы Сарапшылық кеңестің бірінші отырысы өтті.  

Күн тәртібінде бір мәселе – 2022 жылғы 5 маусымда өткен республикалық референдумды бағалау бойынша ДИАҚБ/ЕҚЫҰ Миссиясының қорытынды есебін талқылау болды.

Сарапшылық кеңестің құрамына белгілі заңгерлер – конституциялық, сот, әкімшілік, қылмыстық, халықаралық құқық және әділет саласындағы мамандары, сондай-ақ білімнің пәнаралық – саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану салалардың зерттеушілері және сайлау саласының сарапшы-практиктері кірді.

Отырысқа қатысу үшін кезектен тыс президенттік сайлауды байқауды жүзеге асыру үшін келген халықаралық Миссияларының өкілдері шақырылды. Олардың қатарында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлау саласындағы талдаушы Ксавьер Нок, ТМД Атқарушы комитетінің кеңесшісі Олег Кулеба, ТМД ПАА Хатшылығы басшысының орынбасары Иван Мушкет және ТМД Миссиясы штабының мүшесі және ТМД ПАА Кеңесі Бас хатшысының кеңесшісі Сергей Караваев бар.

Отырыс толық сессия және қызу полемика форматында өтті: перспективалар мен тәжірибелердің кең спектрі, назар аударарлық балама көзқарастар мен қызықты идеялар ұсынылды. Жалпы, 15 адам түрлі ұсыныстар мен түсініктемелер берді.

ДИАҚБ Миссиясының жекелеген ұсыныстарына қатысты сарапшылардың әртүрлі пікірлері конституциялық реформа мен заңнаманың новеллалары аясында референдум туралы Заң одан әрі жетілдіруді қажет етеді деген пікірге бірауыздан тоқтады.

ОСК Төрағасы бүгінгі пікірталас – бұл тақырыптың алғашқы жанасуы ғана екенін айтты. Оған отырыстар циклін арнау күтілуде. Бірлесіп, есеп негізінде ең перспективалы идеяларды іске асыру, зерттеулерді өрістету, олардың нәтижелерін сынақтан өткізу әлі де алда.

Қорытындылай келе, Нұрлан Әбдіров сайлау жүйесін одан әрі трансформациялау мәселелерін талқылау үшін зияткерлік алаңды қалыптастыруға сұраныстың айқындығын, сондай-ақ сайлау процестерінің кәсіби көзқарасын ілгерілету қажеттілігінің бар екенін атап өтті. Сарапшылық кеңес ОСК-ның қоғаммен және халықаралық институттармен тығыз өзара іс-қимылының тағы бір арнасы болуға тиіс.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img