spot_img
Жексенбі, Маусым 2, 2024
16.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының Аршалы ауданында төтенше жағдай жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысына қарасты Аршалы кентіндегі жылыту қазандығынан шыққан апатқа байланысты ауданда жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Ашық НҚА сайтында жарияланған Аршалы ауданы әкімінің шешімінде жазылған, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

«Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс шұғыл отырысының 2022 жылғы 10 қарашадағы № 10 хаттамасы негізінде Аршалы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», – делінген шешімде.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпаратына сай, 9 қазанда Аршалы ауданы жарықсыз қалған. Оған Астана қаласындағы 2-ші жылу электр орталығында тіркелген апат себеп болған.

«9 қарашада сағат 4:00 шамасында Астана қаласының 2-ЖЭО-дағы апатқа байланысты Аршалы ауданы аумағындағы негізгі электр желісі токтан ажыратылды. Резервтік желіні қосқаннан кейін Аршалы кентінің қазандықтарының орталық сорғылары өртеніп, істен шыққаны анықталды.

9 қарашада сағат 21:00-де Жібек жолы ауылдық округінде 6 тереңнен су сору құрылғысының жұмысы қалпына келтірілді. Халыққа су беру 10 қарашада сағат 5:00-де қалпына келтірілді. 11 қарашада тағы 2 тереңдік сорғы құрылғысы орнатылды», – деп мәлімдеді құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Әкімдіктің дерегінше, Аршалы кентіндегі сорғы станцияларының жұмысы 9 қарашада сағат 12:00-де қалпына келтірілген. Ал, тұрғын үйлерге жылу сағат шамамен 13:00-де беріле бастаған.

Айта кетейік, төтенше жағдай режимі апаттың салдарын жою үшін енгізіліп отыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Өмірдің мәні де, сәні де бала

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы брифинг өткізіп,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img