spot_img
Сәрсенбі, Қыркүйек 2, 2026
15.2 C
Kokshetau

Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қатарына қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен танымал отандық өнерпаз Димаш Құдайберген әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қатарына қосылды. Бұл тізімді Аммандағы корольдік исламдық стратегиялық зерттеулер орталығы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдегі ең ықпалды мұсылмандардың тізімі 2009 жылдан бері құрастырылып келеді.

2022 жылы Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдулазиз әл-Сауд тізімнің көшін бастаған. Одан кейін Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи мен Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Сани тұр. Үздік бестікке Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Иордания королі Абдалла II де кіреді.

Сонымен қатар, үздік 50-лікке Марокко королі Мұхаммед VI, Пәкістан премьер-министрі Имран Хан, Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман, ағылшындық «Ливерпуль» клубының мысырлық футболшысы Мұхамед Салах пен «Талибан» қозғалысының жетекшісі Ахунзада кіреді.

Тізімде Қазақстанның екі өкілі – президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен әнші Димаш Құдайберген бар. Екеуі де рейтингке алғаш рет қосылған, алайда үздік 50-дің қатарына кірмейді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Бизнеске 100 игі іс»: Ақмола облысында әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылуда

Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында прокуратура органдарының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика