spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
1.7 C
Kokshetau

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ақмолалық жастармен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Тамара Дүйсенова Ақмола облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі белсенді жастармен, еріктілермен, жастар ресурстық орталығының өкілдерімен де кездесу өткізді. Министр ведомство іске асырып жатқан жас мамандарды жұмыспен қамту және жастарды қолдаудың басқа да шаралары туралы тарқатып айтып, жастармен сұхбаттасты. Кездесу барысында Тамара Дүйсенова жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекет тарапынан атқарылып жатқан ауқымды іс-шараларға да тоқталып өтті. Атап айтар болсақ, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Жеңілдікпен кредит беру» және «Дипломмен – ауылға!» бағдарламалары сияқты жобаларды іске асыру шеңберінде республика бойынша 100 мыңға жуық жастарды, оның ішінде Ақмола облысында 3,8 мың адамды нәтижелі жұмыспен қамту жоспарланғанын баяндады. Сонымен қатар, министр кәсіптік бағдарлау мен дағдыларды игеруден бастап, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және еңбек қатынастарын ресімдеуге дейінгі жұмыспен қамту саласындағы Электрондық еңбек биржасында ұсынылатын мүмкіндіктердің кең ауқымы туралы жан-жақты әңгімеледі.

– Бизнестің ұлттық жобалары мен жеке бастамалары шеңберінде құрылатын барлық жұмыс орындары Электрондық еңбек биржасында орналастырылады. Бұл платформа жұмыс іздеудің де, жұмысшыларды іздеудің де бірыңғай алаңына айналды. Қазір Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілерден 110 мыңнан астам бос жұмыс орны және жұмыс іздеушілерден 138 мыңнан астам түйіндеме ұсынылған. Жастар – халықтың ең мобильді санаты, Электрондық еңбек биржасының көмегімен елдің кез келген өңірінде жұмыс таба аласыз, – деді Тамара Дүйсенова.

Иә, жұмыс істеймін дегенге негізінен, жол ашық. Мәселен, Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс тауып, сол жұмысты ширатып, жаңа кәсіби дағдыларды үйрену үшін де мүмкіндіктер қарастырылған. Кездесу барысында Тамара Дүйсенова Ақмола облысының белсенді жастары қойған барлық сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасты.

Түстен кейін министр Көкшетау қаласындағы«Viamedis»сауықтыру орталығында және жоғары техникалық колледжінде болып, ұжым тынысымен танысып, мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстарға ден қойды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img