spot_img
Жексенбі, Маусым 2, 2024
16.1 C
Kokshetau

Облыс әкімі әлеуметтік сала үздіктерін марапаттады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасында 2011 жылдан бастап қазанның соңғы жексенбісі әлеуметтік сала қызметкерлері күні болып белгіленді.Сондай-ақ,  2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі қабылданады. Ол әлеуметтік қорғаудың тиімді шараларын қабылдауға және азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттырып, халықтың әлеуметтік құқықтары мен міндеттері туралы бірыңғай ережелер бекітуге бағытталған.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев әлеуметтік сала қызметкелерін кәсіби мерекемен құттықтап, үздіктеріді марапаттады.

«Қазір өңірде халықты әлеуметтік қорғау саласында екі жарым мың адам еңбек етуде. Олардың жауапкершіліне азаматтарды жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту, арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету кіреді. Биылғы жылдың 1 қазанынан бастап пилоттық режимде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау басталды. Ол проактивті форматта жұмыс істейді. Бұл барлық мұқтаж адамдарға уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Яғни, адамға АӘК алу үшін жұмыспен қамту органдарына келудің қажеті жоқ. Ол үшін цифрлық карта ақпараттық жүйесіне жиырма мыңнан астам отбасы енгізілді. Бұл жұмыс әлі де жалғасатын болады. Біздің облыста 29 мыңнан астам  мүмкіндігі шектеулі жандар бар.  Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы маңызды бағыттардың бірі оларға көмек көрсету»,- деді өңір басшысы Ермек Боранбайұлы.

Халықтың әлеуметтік құқығы тең болуы аса маңызды. Осыған байланысты бір қатар ірі іс-шаралар ұйымдастырылып, қарқынды жұмыстар жасалып жатыр. Айталық, соңғы бес жыл ішінде қаржыландыру көлемі ұлғайып, бүгінде бір жарымға миллиард теңгені құрап отыр. Марапаттау рәсімінде де жасалып жатсаң жұмыстар мен қолдауға алғыстарын айтып, жүрекжарды тілектерін жеткізгендер де болды.

«Біздің қиын да жауапкершілігі мол еңбегімізді бағалап, мадақтап жатқан облыс әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Әлеуметтік сала дамуына көп қолдау қажет және сол қолдауды материалдық тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да көрсетіп жатыр. Барлық әлеуметтік сала қызметкерлерінің атынан алғысымда білдіремін»,- деді  еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маман-қаржыгері Шынар Қадырова

Мерекелік шара әдемі тілектер мен көкшетаулық таланттардың өнер көрсетуімен жалғасын тапты. залда отырған барлық қонақтарға облыс әкімі атынан гүл шоқтары таратылды.

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Өмірдің мәні де, сәні де бала

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы брифинг өткізіп,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img