spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
16.6 C
Kokshetau

Президент сайлауында бюллетенге кандидаттардың аты әліпби ретімен жазылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін президент сайлауында қолданылатын бюллетендерді көрсетті, деп хабарлайды «AqmolaNews» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап .

«ҚР сайлау туралы» конституциялық заңның 12-бабының 6-тармақшасына және өзінің өкілеттіктеріне сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетень формасы мен мәтінін, оларды дайындау тәрбітін сондай-ақ бюллетеннің қорғалу дәрежесін белгілейді», – деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман бүгінгі отырыста.

«ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, сайлау бюллетеніне барлық тіркелген кандидаттар мемлекеттік тілдегі әліпби ретімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып жазылған және «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілген.

Осылайша, бюллетенде Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы және «Бәріне қарсымын» бағанасы бар.

«Сайлау туралы» конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, бюллетендер сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде резервпен дайындалады.

Заң талаптарына сәйкес, сайлау бюллетендері сақталатын ғимарат толық мөрленіп, ішкі істер органдары күзетіне тапсырылады.

Ұсынылған сайлаушылар тізіміне сәйкес, біртұтас жалпыұлттық сайлау округы бойынша, 11 млн 950 мың 485 сайлаушы бар.

Осылайша, 1 пайыз резервпен сайлауға 12 млн 69 мың 990 бюллетень жасалады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика