spot_img
Сәрсенбі, Қыркүйек 2, 2026
5 C
Kokshetau

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен өзінің үгіт-насихат жұмыстарын бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

22 қазанда Павлодар облысына барып, кәсіподақ өкілдерімен, жастар және еңбек азаматтарымен кездесті, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

Жиында өңір бойынша жұмысқа тұру, тұрғын-үй, еңбек ақы мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Мемлекет әрбір отбасыға жағдай жасауы қажет екенін айтты.

«Аймақтарда азаматтар үлкен қалалардағы мамандарға қарағанда аз жалақы алады. Ұлттық еңбекақы жүйесін біріздендірудің уақыты келді.  Нақты реформа арқылы  бірыңғай стандартқа енгізу қажет», – деді кандидат.

М.Қажыкен әр адамның қабілеттерін дамытуға және оны өмірдің барлық саласында жүзеге асыруға қажетті жағдайлар мен ресурстар болатындай мемлекет құруға ұмтылатынын атап өтті.

«Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамдағы басты міндеттердің бірі -әлеуметтік қорғаудың тең деңгейін қоямын. Кедейлік табалдырығында тұрған отбасыларға, ерекше қабілеті бар адамдарға көмектесуге ерекше көңіл бөлгім келеді – оларға кәсіби іске асыру үшін барлық жағдай жасалуы қажет», – деді М.Қажыкен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Бизнеске 100 игі іс»: Ақмола облысында әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылуда

Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында прокуратура органдарының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика