spot_img
Сенбі, Шілде 18, 2026
19.3 C
Kokshetau

Салтанат Тұрсынбекова Астанада алғашқы үгіт-насихат плакатын ілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Құқық қорғаушының өзі Астана көшелеріне алдағы сайлауда өзіне дауыс беруге шақыратын алғашқы плакатын ілуге шықты. Осылайша елордада және еліміздің аймақтарында штаб командасы іске кірісіп кетті, деп хабарлайды «AqmolaNews» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Штаб қызметкерлері мен волонтерлер азаматтар арасында баннерлер, плакаттар іліп, парақшалар таратуда.

Волонтерлер қызығушылық танытқан азаматтарға Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, оның жетістіктері мен жоспарлары туралы айтып береді.

Елордада және еліміздің өңірлерінде кандидаттың штабы ресми түрде ашылды.

Бұған дейін қызметкерлер Орталық сайлау комиссиясында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы семинарға қатысқан болатын.

Баспа өнімдері тек арнайы бөлінген орындарға орналастырылады.

Салтанат Тұрсынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін ұжым алғашқы сапарына өңірлерге, оның ішінде, Ақмола облысына аттануды жоспарлағанын хабарлады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыс 24 пайызға азайды: алаяқтық төмендеп, цифрлық қауіпсіздік күшейіп келеді

Ақмола облысында биылғы алты айда қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді. Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, өңірде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика