spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
21.2 C
Kokshetau

Кипр парламентшілері президенттік сайлаудың сәтті өтуін тіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның Кипр Республикасындағы елшісі Сатыбалды Бұршақов Кипр Өкілдер Палатасының сыртқы және еуропалық істер жөніндегі комитетінің төрағасы – Кипр-Қазақстан парламентаралық достық тобының тең төрағасы Харрис Георгиадиспен кездесті, деп хабарлайды «AqmolaNews» BAQ.KZ сілтеме арқылы.

Кездесу барысында Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы аясында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы хабардар етті, сондай-ақ Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі және Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінің қорытындылары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Х. Георгиадис Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістерді оң бағалай отырып, қазақстандық парламентарийлермен өзара іс-қимыл жасауға дайындығын білдірді, сондай-ақ 2022 жылғы 20 қарашада өтетін президенттік сайлаудың сәтті өтуін тіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

2026 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика