spot_img
Сәрсенбі, Қыркүйек 2, 2026
5 C
Kokshetau

Сайлау-2022. Байқаушыларды оқыту жалғасып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен бір ай ішінде Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов бірқатар өңірге барып, байқаушылармен сайлауды бақылаудың басым мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Baq.kz.

Бүгін Төлеген Күнәділов елорданың байқаушылармен кездесті.

Біздің алдымызға қойған басты міндет – сайлаудың әділ, ашық, демократиялық сипатта өтуі. Біз сайлау кезеңінде және дауыс беру күні сайлау заңнамасының сақталуын мұқият қадағалаймыз, – деп атап өтті Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов оқыту семинарына қатысушыларға сөйлеген сөзінде.

Партиялық емес байқау орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Төлеген Күнәділов байқаушының міндеттеріне тоқталып, сайлау учаскелерінде қандай заң бұзушылықтарға жиі жол берілетіні туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан оқыту семинарларынан басқа, Партиялық емес байқау орталығының байқаушылары барлық құқықтық қыр-сырын меңгеруге және өз учаскелерінде бақылауға толық дайындалуға мүмкіндік беретін қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасы Президентін сайлау осы жылғы 20 қарашада өтетінін еске сала кетейік.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/saylau-2022-bayqaushylardy-oqytu-zhalgasyp-zhatyr-289986/

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Бизнеске 100 игі іс»: Ақмола облысында әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылуда

Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында прокуратура органдарының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика