spot_img
Жексенбі, Мамыр 31, 2026
33.2 C
Kokshetau

19 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасар ауданында қадағалау актісі бойынша 19 мың гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аудан прокуратурасы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Мониторинг нәтижелері қадағалау актілерімен аудан әкімінің назарына тиісті шаралар қабылдау үшін жолданады. Актілердің бірі бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстарынан кейін ауыл тұрғындарының қажеттілігін қанағаттандыру бойынша әлеуметтік көмек көрсету мақсатында «Шортанбай –2020» ЖШС ерікті түрде «ҚазАгро» АҚ-нан бұрын сатып алынған 19 мың гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтарып берді», – деді Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, қайтарылған ауыл шаруашылығы жері халықтың қажеттілігі үшін қайта бөлінеді.

Айта кетсек, Ақмола облысында қараусыз жүрген малдың 3 мыңнан астам иесі жауапқа тартылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика