spot_img
Дүйсенбі, Қазан 19, 2026
9 C
Kokshetau

Президенттікке кандидат Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген – ОСК

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді білуі деңгейі бойынша емтихан тапсырды, деп хабарлайды «AqmolaNews» ҚазАқпарат халықаралық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгін президенттікке кандидат Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Нұржан Бауыржанұлы бірінші, жазба тапсырмады «Біртұтас Алаш идеясы» тақырыбын таңдады. Екінші ауызша, яғни оқу тапсырмасында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан үзіндіні таңдады. Ал үшінші жұрт алдында сөйлеуге «Бабалар аманаты» тақырыбын таңдады. Барлық тапсырмалар бойынша Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгергенін дәлелдеді», – деді лингвистикалық комиссияның мүшесі Дихан Қамзабекұлы.

Еске сала кетейік, ҚР Президенттігіне үміткер Нұржан Әлтаев 7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырған болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Гуманитарлық-техникалық академиясында «Заң мен тәртіп» нарративі аясында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Гуманитарлық-техникалық академиясында студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика