spot_img
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
0.7 C
Kokshetau

Президент сайлауы: Қоғамдық сауалнама жүргізуге 2 ұйым өтініш берді

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алда өтетін президент сайлауында қоғамдық сауалнама жүргізетін 2 ұйым Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына қоғамдық сауалнама жүргізу үшін «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты) мен «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесінен өтініш түсті», – делінген ҚР ОСК хабарламасында.

Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауалнама жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сондай-ақ қоғамдық пікірге сауал жүргізу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні интернет желісінде жариялауға жол берілмейтіні хабарланды.

 

https://www.inform.kz/kz/prezident-saylauy-kogamdyk-saualnama-zhurgizuge-2-uyym-otinish-berdi_a3987862

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңға жуық тұрғын қатысқан ауқымды экоплоггинг өтті

Биыл Қосшы қаласы қала мәртебесін алғанына бес жыл толуын атап өтуде. Бұл шешім елді мекеннің дамуына серпін берген стратегиялық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика