spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
3.2 C
Kokshetau

2 қазан – Мұғалімдер күні: Ақмола облысында 71 педагог-шебер бар

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазанның алғашқы жексенбісі – Қазақстанда мұғалімдер күні. Бұл – білім беру саласында қызмет етіп жүрген әр мамандарына ортақ мереке, деп хабарлайды AqmolaNews АА.
1994 жылдан бері дүние жүзінің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді.
Біздің мемлекетімізде де бұл мерекені қазан айының алғашқы жексенбісіне белгілеген. Дәлірек айтсақ, мұғалімдер күні 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО жоғарғы кеңесі президумының бұйрығымен қазан айының алғашқы жексенбісіне қойылған.

«Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» деген Мағжан Жұмабаевтың қанатты сөзі бүгінде өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оның дәлелі – елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылданып, қолданысқа сәтті енуі. Құжат 21 баптан тұрады. Ол баптар Қазақстан Республикасындаға барлық ұстаздар қауымының кәсіби құқығы мен міндеттерін айқындайды. Ақмола облысында да білім беру саласындағы мамандардың құқығы басты назарда.


Жалпы, өңірдің білім беру ұйымдарында 22697 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде: 12326 педагог жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан өтті, педагог-шебер 71, педагог-зерттеуші 2653 педагог, педагог-сарапшы 4760 және педагог-модератор санатында 4842 адам еңбек етіп жүр.

«2021 жылдан бастап облыста ауылдық елді мекендерде кәсіптік қызметті жүзеге асыратын мұғалімдерге к оммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша 11 мыңнан астам мөлшерінде қаржылай қолдау көрсетіледі»,-деп толықтырды Ақмола облысы білім басқармасы жетекшісінің орынбасары, Ботакөз Дүйсенова.

Бұдан бөлек, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында адал еңбегі және кәсіби міндеттерін сапалы орындағаны үшін Ақмола облысы әкімдігі тарапынан бір реттік сыйақы төлеу туралы шешім қабылданды.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, елдің өркендеуі мен дауына қосар мұғалімдердің үлесі зор. Олардың ерең еңбегі мен жүрек батырлығын құрметтеуден жалықпауымыз керек!

 

Камила Әбделманова

Фото: kazaknews.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында су тасқыны шарықтау шегіне жетті: облыс әкімі шұғыл түрде кеңес өткізді

Кеше облыс әкімдігінде облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларының, аудандар мен қалалар әкімдерінің қатысуымен шұғыл кеңес өткізілді. Күн тәртібінде облыста...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img