spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
25.2 C
Kokshetau

Танысына келген қонақ оның банк қосымшасын пайдаланып, 220 мың теңге ұрлап кеткен

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны хабарласып, танысы оның телефонын пайдаланып, 220 мың теңге ақша қаражатын ұрлап кеткені туралы өтініш берген. Өтініш берушінің айтуынша, ол өзінің курстасымен кездесіп, оны қонаққа шақырған. Әңгімелесу барысында Көкшетау қаласының 22 жастағы тұрғыны досының назары ауғанда, оның банктік қосымшадағы ақшасын өз шотына аударған. Телефон иесі ақшаның жоғалғаны туралы кейінірек қонақ кеткен кезде білген Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-б. 2-б. «Ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу арқылы жасалған ұрлық» сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Полиция азаматтарды қырағы болуға және банктік қосымшалар орнатылған смартфонды қараусыз қалдырмауға шақырады. Ұялы телефонда құжаттардың электрондық нұсқаларын, банк карталарының нөмірлері мен кодтарын, сайттарда, әсіресе төлем жүйелерінде тіркеу логиндері мен парольдерін сақтауға болмайды. Қолданбаларды бұғаттау үшін әріптер, сандар мен таңбалардың күрделі комбинацияларын пайдалануыңыз керек.

 

 

Фото: MyBuh. kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика