spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
-0.2 C
Kokshetau

Еленовка енді Самалтау деп аталады – Ақмола облысы

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты Еленовка ауылының атауы Самалтау болып өзгертілді. Бұл туралы ақын Мерген Тоқсанбай әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдымен өзге ұлт өкілдері ауыл атауының өзгеруіне қарсылық танытқан. Десе де, атауды қазақшалауды қолдағандар басым түскен.

Бүгін Еленовка ауылының атын ауыстыруға арналған жиналыс болды. Бұл жердің тарихи атауы – Самалтау!
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ермек Нугманов ағам ұлттық мүдде, ономастика мәселелері жөнінде сөз сөйлей бастап еді, әдеттегідей орыс апайлар шулап қоя берді. Алмас ағам күні-түні ізденіп архив пен ескі кітаптардан, газет-журналдардан тапқан деректерін алға тартып, ақыры дауысқа салып, ауыл атын қазақшалаймыз дегендер басым түсті. Біздің жігіттер сол жиналыстың хаттамасын жазып, орысшаға аударып, қол қойып, мөр басып бір-ақ кеттік. Орыстардың ығына жығылып хаттама теріс толтырылмасын деп сақтанған түріміз ғой, – деді ол.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img