spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
3.2 C
Kokshetau

Көкшетауда есірткі қойып кетумен айналысты деген күдікпен жігіт ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда есірткі қойып кетумен айналысты деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды, – деп хабарлайды AqmolaNews» ақпараттық агенттігі Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 тамызда Ақмола облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2022» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Көкшетау қаласында бұрын сотталмаған, есірткі заттарын салған облыс орталығының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ұстау барысында ер адамнан телефон тәркіленді, оған ол жасырылған есірткі заттарының орындарын суретке түсірген. Қаскүнем ұсталған үйдің артынан 5 грамм марихуана салынған 5 «ziplok» қалташасы табылып, тәркіленді.

«Тінту кезінде ұсталған азаматқа тиесілі Mercedes Benz автокөлігінен есірткі затының 32 “ziplok” қалташасы табылып, тәркіленді. Айыпталушы тұратын жалға алынған пәтерді рұқсатсыз тінту барысында гашиш пен марихуана салынып дайындалған 155 «жасыру орындары» табылып, тәркіленді. Бұл жерден электронды таразылар, «ziplok» қалташалары мен изоленталар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамнан барлығы 477,8 г кептірілген марихуана, 106,49 г гашиш, сондай-ақ қарасора тұқымдас өсімдіктің 3,6 г сабағы тәркіленіп алынды», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 1,5-тармағы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді электрондық және ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып заңсыз сақтау, өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 25 қыркүйекте күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама нәтижелерін алғанға дейін күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат алған.
Фото: Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық шенеуніктерге заң бұзушылық үшін 18 айыппұл салды

Департамент 2024 жылдың I тоқсанында 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img