spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
16.6 C
Kokshetau

Ақмола облысында тілдер мерекесі не орай 2000-нан астам іс-шара өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бекітілген болатын. Бұндағы мақсат: мемлекеттік тілдің толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикасы негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу.  Облыстың білім мекемелері мен басқа да қоғамдық ұйымдарында бұл салаға бағытталған 2000-ға жуық іс-шара өткізілген.

Осы орайда атауы ескірген елді-мекендерге қазақша атау беру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Айталық, Целиноград ауданында 2017-2022 жылдары аралығында 265 идеологиялық тұрғыдан ескірген және атауы жоқ көшелерге қайта атау берілді. Ал, Степногорск қаласына қарасты 6 ауылға қазақша атау берілген. Шортанды аудананы туралы айтар болсақ, ауданда бірқатар елді мекендер мен көше атаулары әлі де орыс тілінде екен. Ауданда 29 елді мекен бар, оның 10-ының атауы  қазақ тілінде, 19-ы орыс тілінде. 266 көшенің 173-і қазақ және 93-і орыс тілінде. Атбасар ауданында 116 көше, 1 шағын аудан, 2 ауыл мен 2 ауылдық округ атаулары  қайта-аталды.  Бүгінгі күні ауданда  30 әкімшілік бірлік бар, олардың 10-ның атауы мемлекеттік тілде. Сонымен қатар ауданда 309 көше бар, оның 213-і мемлекеттік тілде және 96-ы орыс тілінде. Атбасар қаласында 116 көше бар, оның ішінде 45 мемлекеттік тілде және 71 көше орыс тілінде. Ауданның ауылдық округтерінде 193 көше бар, оның ішінде 168 көше мемлекеттік тілде және 25 көше орыс тілінде, 4 көше қайта атауға жатады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img