spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
1.2 C
Kokshetau

Ақмола облысы төңірегінде Жәнібек хан жерленген болуы мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола топырағы ежелгі дәуірден бастау алатын тамыры терең тарихи жәдігерлерге бай. Небәрі соңғы екі жылда Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологтары ою-өрнекпен өрнектелген және көгілдір түсті 60-қа жуық тұтас және фрагменттелген глазурленген кірпіштерді жинады. Ең қызығы Қорғалжын ауданының аумағындағы ортағасырлық кесененің қирандыларын зерттеу болды, онда Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек хан жерленген деп болжануда.

Ақмола облысы мәдениет басқармасы жанындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына зерттеу және археологиялық жұмыстар жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінді:

2020 жылы-42,0 млн., 2021 жылы-10,338 млн.,2022 жылы-23,700 млн.теңге көлемінде қаражат бөлінді.

«Археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысы бойынша мұражай қорына 13 дана күміс дирхемдер, 2 қола қапсырмалар, сүйек моншақтары, пышақ сүйектері, жылтыратылған сәндік табақтар берілді. Табылған артефактілердің  жалпы  саны-34 бірлік.   Қазіргі уақытта Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған 6 қаңқа табылды. Генетикалық талдауларды алу үшін материалдар Швецияға жіберілді. Ресейден келген антрополог ғалымдар табылған заттардың антропологиялық келбетін қалпына келтірді. Соңғы талдаулардан кейін бұл кесене Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханға тиесілі деп айтуға болады»,- деп мәлімдеді Ақмола облысы мәдениет басқармасының жетекшісі, Айгүл Сәбитова.

2021 жылы археологтар жүргізген Атбасар ауданының І Магдалиновка ерте темір ғасырының (б.з. д. VII-III вв) қорымындағы қазба жұмыстары және Көкшетау қаласының маңындағы Ботай мәдениетінің Красный Яр қонысындағы (энеолит дәуірі) археологиялық зерттеулер артефактілерімен олжалы болды.

Есіл өзенінің сол жағалауында Магдалиновка ауылының маңында археологиялық зерттеулер барысында 15-тен астам артефакт табылды: қыш ыдыстардың фрагменттері, сақ-скиф тектес жебелердің темір ұштары, белбеуден тағандар, қола алқа және оюланған сүйек бұйымдары.

Ботай мәдениетінің Красный Яр қонысындағы археологиялық қазба жұмыстарынан 50-ден астам артефакт табылды, олар керамикалық ыдыс-аяқтың фрагменттері, үлкен остеологиялық материал, найза мен жебенің ұштары, дартиктердің ұштары, тастан жасалған тесілген дискілердің фрагменттері, жылқының өрнектелген фалангалары, тас қырғыштар, массивті балталар, сүйек инелері, екі жақты біз және басқа да артефактілер.

2022 жылы Жақсы ауданындағы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі сақ кезеңіне жататын Сарыоба қорымына зерттеу жүргізді. Қазба жұмыстары кезінде адамның жерлеу орындары мен әйелдердің әшекейлері табылды.

Сол сияқты Бурабай ауданының Құмдыкөл (Златополье) ауылының аумағындағы «РегионДорСтрой» ЖШС-не бөлінген жер участкелеріне зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында ерте темір дәуірі мен ортағасырлық кезеңдерге қатысты «Құмдыкөл» (Златополье ауылы) және «Жанажол» археологиялық ескерткіштері анықталды.

Сонымен қатар, жергілікті  жидек теріп жүрген қарапайым ауыл тұрғындарымен сұхбаттасу барысында Жанажол ауылы маңындағы орманның ішінде орналасқан қорғанның орны анықталды. Табылған орнын зерттеу барысында суырдың інінен көтерме материалдар ретінде жебенің ұштары алынды.

Осындай көне археологиялық қорғандар анықталған кезде  «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-нің жарғысына сәйкес археологиялық қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізу  қажет.

Жер астындағы жасырынған өзге де құнды жәдігерлердің табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен жойылу қауіпі төніп тұрғандықтан, Бурабай ауданындағы «Жанажол» қорғанына археологиялық зерттеу  жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу барысында қорғанның жерлеу шұңқырынан ерте темір дәуіріне қатысты – сақ жауынгері анықталды. Адаммен бірге жерленген бірнеше жәдігерлер табылды, олардың ішінде: жылқы малының ауыздығы мен жүгеннің әшекей бұйымдары (құстың басы мен Күн құдайының белгісі бар дөңгелек жапсырмалар), қанжар-пышақ, тас қайрақ, 10 дана сақ-скифтік үлгідегі жебенің ұштары және қысқа қылыш-акинак табылды.

Табылған жәдігерлер зерттеліп болған соң,  Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозицияларынан орын тауып, музей қорларын толықтырады.

20 қыркүйек күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ежелгі тарих елдің дәулеті» атты ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің алқа кеңесі өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшыда су тасқынының салдарынан көшелерін жағымсыз иіс бойлауда

Көктемгі су тасқынына дайындық туралы аудан-қала әкімдері мен олардың орынбасарларының беріп жатқан есептеріне жүгінсек, облыс қызыл суға 100 пайыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img