spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
7.8 C
Kokshetau

Халық алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымын өзі таңдай алады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының барлық аумағында 15 қыркүйекте емханаларға еркін тіркелу науқаны басталды. Екі ай ішінде Қазақстандықтарда, оның ішінде Ақмола облысы тұрғындарына да медициналық ұйымды таңдау мүмкіндігі бар.

Өңірі бойынша ағымдағы жылы МСАК-тың 25 жеткізушісімен шарт жасалды, оның ішінде 18 мемлекеттік және 7 жеке ұйымдар.

Бүгінде облыс бойынша 785 035 адам  емханаға тіркелген, оның ішіндегі шетелдік азаматтар саны- 8 109, ал, қандастар– 240, ауыл халқының саны 335 379 адамды құрап отыр.

МСАК ұйымын еркін таңдау науқаны жыл сайын өткізіледі. Ол қазақстандықтарға, қазіргі дәрігер ұнамаған жағдайда, тіркелу ұйымын өзгертуге немесе өз емханасының ішінде басқа учаскелік дәрігерді таңдауға мүмкіндік береді. Шұғыл көмек қажет болған жағдайда, ұйымнан тез әрі сапалы көмек көрсетілгенін қаласаңыз тұрақты мекен-жайға жақын орналасқан ұйымға тіркелуге кеңес береді сала мамандары.

«Тіркеу немесе қайта бекіту кезінде емханаға тұрғылықты жеріне жақын жерде – үйден 15-20 минуттық жерде таңдау ұсынылады. Бұл өте маңызды, өйткені емханалар аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетеді. Яғни, қажет болған жағдайда учаскелік дәрігерді немесе мобильді топты үйге шақыруға мүмкіндік бар»,-деп толықтырды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша директорының орынбасары, Талғатбек Тлеубердин.

Қалай тіркелуге болады?

Бірінші тәсіл (барлығы үшін) – электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы www.egov.kz.

«Денсаулық сақтау» бөліміндегі  «медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет.

Бұдан әрі электрондық өтініштің барлық жолдарын толтыру қажет. Пациент туралы мәліметтерді емхана мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Жауаптардың барлығы қабылданғанан кейін, медициналық ұйымды бекіту туралы хабарлама аласыз.

Екінші тәсіл (халықтың жекелеген санаттары үшін) – емханаға еркін нысандағы өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен тікелей жүгіну арқылы.

Бұл әдіс :

– зейнеткерлерге;

– мүгедектерге;

– бала кезінен мүгедектерге тағайындалған қамқоршыларға;

– қорғаншыларға немесе қамқоршыларға, патронат тәрбиешілерге;;

– колонияларда жазасын өтеп жатқан сотталғандарға;

– студенттерге;

– мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне;

– шет мемлекеттерде туған балаларға;

– сенімхат бойынша тіркелуді ресімдейтін адамдарға қол жетімді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img