spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмолалық полицейлер алаяқтықтың кезекті фактісін тергеуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 21 тамызында Ақкөл аудандық полиция бөліміне Ақкөл қаласының 48 жастағы тұрғыны 20 тамызда белгісіз тұлға 120 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын алдау жолымен иемденгені туралы өтінішпен жүгінді. Өтініш беруші квадроцикл сатып алғысы келген. Ақмолалық оны «Olx» қосымшасынан тауып алған. Хабарландыруда көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, автормен байланысқа шыққан. Жас жігіт көлік құралы үшін 120 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасауды сұраған. Ақкөл қаласының тұрғыны ақша қаражатын карточкалық шотқа аударған. Алайда, белгіленген мерзімде квадроциклға ие болмаған соң полицияға жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер хабарландыру авторының жеке басын анықтады. 2005 ж. т. елорданың кәмелетке толмаған тұрғыны, колледж студенті ақша тапқысы келіп, мототехниканы жеткізетін «фирмамен» ынтымақтаса бастаған.
Студенттің міндеті тауарды сатып алу мәселесі бойынша әлеуетті сатып алушыларға кеңес беру болды. Ал сыйақы «сатудың» пайызынан болды. Жас жігіт қаскүнемдердің қылмыстық әрекетіне тартылғанын білмеген. Квадроцикл үшін алдын-ала төлем алғаннан кейін ол ақшаны «жұмыс берушілер» берген басқа шотқа аударған. Аталған факті бойынша Ақкөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ақмола полицейлері алаяқтық схемалардың көпшілігі азаматтардың сенгіштігі мен ұқыпсыздығына негізделгенін еске салып, облыс тұрғындарын қырағы болуға шақырады.

 

Фото: fingramota.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img